Мақта терімі аяқталды

Мақта терімі аяқталды
Мақта терімі аяқталды

Оңтүстіктің шаруалары осы жылы 324 мың тоннадан аса «ақ алтын» жинады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 100 мың тоннаға көп. Нәтижелі жұмыстың жоспарлы аяқталуына облыстағы Отырар ауданынан бөлек барша өңір айрықша атсалысқан.

Мамандардың сөзінше, мақтаның мол өнімді болуы мен ерте жиналуы агротехникалық ережелердің уақытында сақталып, инновациялық технологиялардың қолданысқа енгізілуінің нәтижесінде болыпты. Бұл ретте «ақ алтынды» тамшылатып суару әдісі арқылы өсіру де өз пайдасын берген.

Сөйтіп, биылғы мақта өнімділігі әр гектардан 20 центнерден болыпты. 2010 жылы диқандар гектарына шамамен 19 центнерден мақта жинаған болатын. Б.Оспанов мақта шаруашылығының өзін-өзі ақтайтын, өте пайдалы сала екенін де айтады. Оның пікірінше, оңтүстікте мақта шаруашылығынан өзге ешбір сала соншалықты пайда бермеген. Гектарынан 60-70 центнерден алғанның өзінде шаруалар ұтылмайды. Бірақ қазіргі күні біздің диқандардың алып жатқан өнімі өте аз мөлшерде. Алайда, біздің шаруалардың «ақ алтынды» қазіргіден көбірек алуға мүмкіндігі бар. Бұл ретте тамшылатып суару әдісінің көмегі мол.