«Нұр Отан» партиясы сайлау науқанын ОҚО-дан бастады

223

«Нұр Отан» ХДП кеңейтілген  саяси кеңесінің жұмысына  партия төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин қатысты. Оңтүстік өңірінен сайлау науқанын бастау кездейсоқтық еместігін  баса айтқан Нығматулин мырза  ОҚО  305 бастауыш ұйымында 88 мың партия мүшесі бар екендігін мәлімдеді.

Партияның тұғырнамасын қамтыған 8 бағыт елдің  өркендеуіне және халықтың тұрмысын жақсартуға  бағытталған. Насихат жұмыстары барысында бірде -бір  Қазақстан азаматы назардан тыс қалмайды.

Қазірдің өзінде 226 штаб, 3 мың насихат тобы жасақталған.  Сонымен қатар, жиында партияның съезіне облысымыздан делегаттар сайланды.