Шымкентте кикбоксингтен халықаралық турнирдің жалауы көтерілді

155
Шымкенттіктер чемпион атанды

Ринг төрінде жерлесміз өзбекстандық қарсыласымен бас жүлде үшін таласқа түсті. 54 келі салмақтағылар арасында бұл екі спортшы епті екенін дәлелдеді. Енді өзара үздіктерді анықтамақ.

Нұрман Медеубаев жас кикбоксшылар үшін үлгі. Ол Әлемдік аренада топ жара білген кикбоксшы. Ал бүгінде жерлесіміз өзінен кейінгі спортшылара арасында халықаралық жарыс ұйымдастыруда.

Халықаралық турнирге көршілес өзбекстаннан да спортшылар келген. Барлығы 20 команда. Турнир барысында шымкенттік кикбоксшының жолы болды. Жерлесіміз қарсыласынан басым түсті. Бұл жасөспірімдердің алдында ел чемпионаты күтіп тұр. Бұл жолы дайындығын нсынға салса, Қостанайда өтетін республикалық жарыста Қазақстан чемпионы атағы үшін тартысқа түсетін болады.