Қараша мен желтоқсан аралығында Шымкентте өткен мектеп оқушылары арасында өткен «Чек талап ет-Патрион бол» акциясы өз мәресіне жетті. Еңбекші , Әл Фараби аудандары бойынша салық басқармалары жеңімпаздарды анықтады.
Қоғамдық комиссияның шешімі бойынша Еңбекші ауданы бойынша №38 мектептің 6 «В» сынып оқушыларының 10-ы 600 чек жинап бірінші орынды иеленіп, компьютерге қол жеткізді. Осы мектептің 5 «а» сынып оқушысы Жанель Эгамбердиева 9 460 чек жинап, белсенді оқушы атанып, ұялы телефонға ие болды. Екінші орында №65 мектептің ең үздік 5 «е» сынып оқушылары-10434 дана чек жинаған. Үшінші орынды 9707 чек жинаған №37 мектептің 5 «б» сынып оқушылары.
Аудан көлемінде жиналған чектер саны 127 740. Іс шараға белсенді қатысқан мектептер №38, №65, №37, №46.
Әл Фараби ауданы бойынша 85 759 дана чек жинаған 20 мектептің оқушылары жеңіске жетті. Екінші орында 15 мектеп, үшінші орында 9 лицей. Жалпы жиналған чектер саны 195261. Акцияда белсенділік танытқан мектептер:№20,№15,№62, №64, №7.