«Корона» макарон фабрикасы мерекеледі

442

«Корона» макарон фабрикасы балаларға ерекше мереке ұйымдастырды. Бүлдіршіндерге базарлық жасап жатқан «Коронаға» деген ақ тілегі мен елге білдірген ең үздік жылы лебіз білдіргендер арнайы сый-сияпатқа ие болды. «Мега» сауда орталығының фойесінде балалар ақ тілегін қалдыра алатын стенд қойылды. Байқауға дайындық үшін үш сағат берілді. Балғындар құттықтау сөздерін ойластырғанша, «Корона» сауда белгісі ұсынған тәтті тоқаштардан дәм татты. Қала тұрғыны Феруза Исамухамедова ұлын ерте келіпті. Жәй ғана келмей ерекше өлең-құттықтау да дайындай кепті.

Әрине, кішкентай сәбилер ақ тілегінің ең үздігін таңдау мүмкін емес. Сондықтан да ұйымдастырушылар тілекке толы аққағаздарды арнайы барабанға салып, кездейсоқ жүлдегерді анықтады. «Корона» сауда белгісі жеңімпаздарға балалар сыйлықтары мен сондай-ақ 2,2.5, 5 мың теңгеге «Корона» өнімдерін алу сертификаттарын ұсынды. Бас жүлде, яғни 5 мың теңгенің сертификатын 5-ші сынып оқушысы Амалия ұтып алды.

Амалия Амидифова: «Мен құрбыммен бірге ойын ойнауға келгенмін. Мерекелік іс-шараға тап болып, жүлделі болғаным үшін қуаныштымын. Мен өз тілегімде менің елімнің болашағының зор болғанын, «Коронаның» ең үздік болғанын тіледім. Менің мамам тек «Корона» өнімдерін ғана сатып алады.»

«Корона» макарон фабрикасы ақ тілектер байқауының Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнап отыр. Тек бұл байқаумен ғана шектелмей, «Корона» балалар арасында макарон өнімдерінен жасалған ең үздік жиынтықтарына байқау жарияламақ. Өткізу уақыты таяу уақытта белгілі болады дейді короналықтар. Оңтүстіктің бүлдіршіндері қолөнершілері қиялдан сан қырлы шедеврлер жасап, «Коронаның» жүлделеріне ие болуына толық мүмкіндік бар.