Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы Ел Тәуелсіздігін атап өтті

Марапаттау рәсімі

Тәуелсіздіктің 20 жылдығын болашақ дәрігерлер де тойлады. Торқалы той қарсаңында фарцептикалық академия басшылығы үздіктерді марапаттады. Онда оқу орнының егемен ел атанғалы бергі жетістіктері мен алдағы жоспары да сөз болды.

Олар тек Оңтүстік өңірінде ғана емес, бүкіл ТМД елдерінде де мықты. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай алғыс хаттармен фармацевтикалық академиясының басшылығы студенттер мен ұстаздарды және магистранттарды марапаттады. Өйткені мидициналық қызметкерлердің еліміздің өркендеуіне қосқан үлесі зор.

Еліміздің Тәуелсіздігімен бірге, фармацевтикалық академияда қарқынды түрде дамып келеді. Өйткені бұл оқу орны білікті кадрларды дайындайды. Мұнда тек бакалавриаттарды ғана емес, магистранттарды да дайындайды. Интернатура, аспирантураны да осында оқуға мүмкіндік бар.

Өмірзақ Мелдеханов, «Нұр Отан» ХДП ШФ төрағасы:  «Бұрын оқу орнында бір ғана факультет болатын. Қазір толығымен академияға айналып отыр. Өзінің тіпті жеке емханасыда бар. Мамандар мықты. Білімде мұнда жоғары».

Академия өз студенттерін мақтан тұтады. Өйткені магистратураның бірінші курс студенті Бабур Юсупов тек білімді студент қана емес, сонымен бірге Қазақстанның спикері. Мұндай жетістікке ол ұстаздарымнын арқасында жеттім дейді.

Бабур Юсупов, магистрант: «Студент үшін еліміздің 20 жылдық мерей тойы үлкен мереке. Осы 20 ішінде Қазақстан да көптеген өзгерістер болды. Ал оның ары қарай өсіп өркендеуіне біз атсалысамыз».

Қазір фармацевтикалық академияның студенттері шетелдік әріптестерімен тікелей байланыста. Сонымен бірге, олар Америка, Польша, Германияда тәжірбиеден өту мүмкіндігіне ие болып отыр.