«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Өмірзақ Шөкеев басқаратын болды

198
Өмірзақ Шүкеев

Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімов «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы етіп Өмірзақ Шөкеевті тағайындады.

Бұл туралы  Үкімет басшысы К.Мәсімов мәлім етті. Ол:  «Самұрық-Қазына». Т.А. Құлыбаевты қызметінен босаттым. Ө.Е. Шөкеевті тағайындадым», – деп хабарлама жасапты.

Twitter-дегі қордың ресми блогында «Премьер-министр Кәрім Мәсімов «Самұрық-Қазына» қорының жаңа басшысы Өмірзақ Шөкеевті таныстырды» делінген.

Сонымен қатар,  ҚР Үкіметі басшысының шағын блогында Ө.Шөкеев Жаңаөзен бойынша комиссияны басқару міндетін жалғастыратындығы жөнінде хабарланған.