Сұйық отын еркін саудада бар, баға да өзгермеген. Ең көп қолданыстағы АИ 92 маркалы бензин 106 теңгеден сатылуда. Жанар май тапшылығының сейілгенін көшедегі машиналардың көптігінен де байқауға болады. Күні кешегі жағдай көлік иелерін аздап ойлантып тастаған еді.
Жанар жағармай құю бекеттерінің қожайындары енді жанар-жағармайды тікелей ресурс иелерінен алатын болады. Оған дәлел тек «Петро Казақстан» сауда үйімен жасалған жеке сауда жасауға бағытталған 86 келісім шарт.
«Петро Казақстан» ОҚО АЖБ тапсырыс орындаушыларына 13,5 тонна жанармайды тиеуге дайын. Оның 9 тоннасы солярка болса, 3 тоннасы АИ-92 маркалы бензин, ал 2,5 тоннасы АИ-80. Сондай-ақ жанармай құю бекеттерінің қожайындары SINOOIL компаниясымен келісім шарт түзуде. Әр кәсіпкер желтоқсан айынан бастап 20 тонна АИ- 92 және 20 тонна– АИ-80 маркалы бензинге ие болады.
АЖБ иелерінің айтуынша, бензиннің жетіспеушілігі оператор қызметкерлірінің жұмысынан бас тарту арқылы шешілген. Сондықтан енді бензин облысымызда жеткілікті болмақ. АЖБ жеткізу «Ынтымақ» Ассосациясының төрағасы Жұмабектің мәлімдеуінше, дизелді жанармайдың бағасы төмендейді, ал АИ-92 маркалы бензиннің көтерме бағасы 96 теңге шамасында сатылуда.
Жанар май тапшылығының сейілгенін көшедегі машиналардың көптігінен де байқауға болады. Күні кешегі жағдай көлік иелерін аздап ойлантып тастаған еді. Кейбір жанар жағар май бекеттерінде бензин жоқ, алайда 92-ші маркалы сұйық отын болған, бірақ жоғары бағада сатылып кеткені көрсетілген. Ал жақын маңдағы жанар-жағармай құю бекетінде сауда еркін жүріп жатыр.
Жанар жағар май құю бекеттерінің мамандары облыс нарығында сұйық отын жайы қалыпқа келтіріліп, тапшылық болмасы үшін бір апта жеткілікті дейді. Бүгін жаңа жұмыс аптасы басталды. Айта кетейік, мұнай және газ министрлігіндегілер бензин бағасы желтоқсан айында тұрақты болады деп уәде еткені белгілі.