Жылдың үздік имамы анықталды

Бейбіт қажы Мырзагелдиев- жылдың үздік имамы

ОҚО-да діни ахуал тұрақты. Соның нәтижесінде 2011 жылы өңірдегі діни мәселелердің көбі шешімін тапқан. Бұл туралы 22,23-желтоқсанда Алматы қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген төралқасында айтылды.

Бас муфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазірет қатысқан жиында облыстардың бас имамдары есеп беріп, бір жылда атқарылған жұмыстардың түйінін тарқатты. Екі күнге созылған жиында ОҚО-ның имамы Бейбіт Мырзагелдиевтың есебі үздік саналып «2011 жылдың үздік жыл имамы» атанды.

Осы ретте айта кету керек, оңүстіктегі 800-ден астам мешіттің 90 пайызы діни басқарманың филиалы ретінде тіркелген. Оның үстіне барлық имамдар бұйрықтандырылған екен. Соның нәтижесінде шымкенттегі түрлі бірлестіктер жойылып, діни істер бір орталықтан басқарылады.