Úı Jańalyqtar Қызды қағып өлтірген полицей ісі қайта қаралуы керек

Қызды қағып өлтірген полицей ісі қайта қаралуы керек

Қайрат Мами

Жиын соңында Қайрат Мәми 16 жасар қызды қағып өлтірген полицейге қатысты істі қайта қарау керектігін мәлімдеді. Көпшіліктен түскен сұраққа: — Ол қайта қызметке жіберілмеуі керек. Асқар Көлбаевты жүргізушілік құқықтан айырып, оның куәлігі қайтарылмауы қажет.

Егер соттың үкімі олай болмаса әділетсіз шешім шығарғаны, Осындай әділетсіздіктің кесірінен халықтың сотқа деген сенімі жоғалады. -деп жауап берді сенат басшысы.

Сондай ақ Қайрат Әбдіразақұлы бұл істі облыстық прокурор мен сот қатаң бақылап, қадағалауы қажеттігін жеткізді. Сөз соңында ол: мұндай қылмыстық істерді шынында да Қазақстанда жүргізіліп жатқан рақымшылықпен жеңілдетіп ізгілендіруге болатындығын айтты.