6506 әскери бөлімінде 500-ге жуық сарбаз әскери ант қабылдады

Олар елін қорғауға, патриот болуға ант берді
Жас сарбаздар үшін жауапты сәт те келді

Қазақстан Республикасының патриоты болып табылатын кез келген азаматқа әскери борышын өтеу  маңызды. Себебі сақшылар – елі мен жерін қорғайтыны сенімді арқау. Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөлімде бір ай көлемінде қызмет етіп, әскери өмірдің ыстығы мен суығына үйрене бастаған борышкерлердің әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Елінің қамын жеген Едігедей болуды көздегендер еліне адал қызмет етуге, жерін қызғыштар қорғауға уәде берді.

Азаматтық борышын өтеуді міндетім деп санайтын Ербол Айнақанов Ақтау қаласынан келген. Ата-анасы мен туған-туыстарынан алысқа ұзап шықпаған жігіт әскери өмірдің қатал ережесіне көндігіп те алыпты.

6506 әскери бөлімінде еліміздің әр аумағынан 500-ге жуық сарбаз  өтеуде. Сол жастардың бірі Солтүстік Қазақстаннан келген Байсерік Арысбекұлы жас сарбаздарды мерекелерімен  құттықтады. Перзентінің ел қорғаны болғанын мақтан тұтатын ата-аналар да ұлдарына ақ жол тілеп, баталарын берді.

Мойынына артылған жүкті жауапкершілікпен сезінген қатардағы жауынгарлер бір жыл бойына түрлі саланы меңгермек. Нәтижесінде олар түзету колониясы мен ішкі аумақтың қарауылы болып, төтенше жағдай саласында, тәртіп сақшысы болып қызмет атқара алатын болады.