ОҚО-да өткен жылы 19 адам жұмыс кезінде қайтыс болған

Бастар Есқараев еңбек инспекторы

Оңтүстікте 2011 жылы еңбек қатынастары кезінде 100 жазатайым жағдай орын алған. Одан 117 жұмысшы зардап шегіпті. Ал 19-ы қаза тапқан. Облыстың бас еңбек инспекторы Бастар Есқараев осылай мәлімдеді. Ескеретін жәт, өткен жылы 2010 жылмен салыстырғанда, жазатайым жағдайлар анағұрлым көп орын алған.

Мұндай мекемелердің ішінде «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС көш басында келеді. Былтыр бұл мекеменің 7 бірдей жұмысшысы жұмыс кезінде жазатайым жағдайға ұшыраған. Облыстың бас еңбек инспекторы, бұдан басқа да кәсіпорындарды тізіп шықты.