Пәнаралық олимпиада дарындыларды анықтады

олимпиада оқушылар

Шымкентте облыстық пәнаралық олимпиада өтті. Гуманитарлық-қоғамдық, жаратылыстану математикалық циклындағы пәндер бойынша республикалық сайысқа  912 аудан, қала және облыстық олимпиаданың жеңімпаздары қатысты.

Биылғы олимпиаданың ерекшелігі көп болды. Математика пәні бойынша әр қатысушыға құпия  код беріліп, жарыстың сұрақтары тек сол код енгізілген соң ғана шығатын эксперименталды түрде өткізілді.

Серік Әуесханов, ОҚО білім департаменті бастығының орынбасары: «Олимпиада жыл сайын 15 пән бойынша өткізіледі, оның ішінде 9-сыныптарда жаратылыстану-математика бойынша 5, ал 10-11 сыныптарда 6 пән бойынша. Ал қоғамдық –гуманитарлық бағыт бойынша 9 сабақтан жүргізілді. Биыл өзбек пәні қосылды».

Тек үздіктер мен білімділер ғана бақ сынайтын сайыста жеңістен дәмелі болып келгендерді бірі- Жұбашыва Арайлым бәсекелестің де, сұрақтардың да оңай болмағанын айтуда.

Арайлым Жұбашыва, оқушы: «Мен физика пәнін таңдадым. Әрине сұрақтар да оңай болған жоқ. Бірақ жеңімпаз атанамын деген үмітім бар».

Білімділер сайысы өте қатал тәртіпте өтті. Өйткені, оқушылардың ұялы телефондары жинап алынған.

3 күндің жарыстан кейін жеңімпаздар да белгілі болды. Олимпиаданығ қорытындысы бойынша 112 оқушы 1-2-3 орындардан көрініп, жеңіс тұғырынан көрінсе, 37 қатысушы мадақтама қағаздарымен марапатталды. Айта кетерлігі, биылғы олимпиадаға қатысушылардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда артыпты.