Жасөспірімді қағып өлтірген полиция қызметкері сот залында босатылды

кінәлі полицей

Естеріңізде болса, осыдан біршама уақыт бұрын Шымкент қаласындағы Қонаев даңғылы бойында 16 жасар қызды шарға ұқсатып ұшыра қаққан полиция қызметкерінің үстінен қылмысытық іс қозғалған болатын. Тергеу жұмыстарын ОҚО ІІД-нің ішкі қауіпсіздік басқармасы жүргізген еді.

Бүгін осы іске байланысты сот отырысы өтіп, өз шешімін шығарды. Сонымен…мас күйінде көлік жүргізгенімен қоймай, аса жоғары жылдамдықпен келе жатып жолаушыларға арналған жолақтан өткен жасөспірім қызды қағып өлтірген, адам қаққанын көре тұра, зардап шегушіге көмек көрсетпестен, оқиға орнынан қашып кеткен полиция қызметкері… рақымшылыққа ілікті.

Шымкентте кейде осылай боп тұрады…Қосып алар сөзіміз жоқ.