1278 отбасы баспаналы болды

276

Жыл соңына дейін Нұрсат шағынауданында «Тұрғын үй» бағдарламасы аясында салынған 1278 пәтер пайдалануға беріледі. Бұл баспаналар 2008-2010 жылғы бағдарлама негізінде ипотека негізінде беріледі.

Бұл көпқабатты үйдің іргетасы 2004 жылы қаланып, 2007 жылы аяқталуы тиіс болатын. Мердігер – Алматылық «Уық» компаниясы жұмысты аяқтамай, тастап кеткен. Шағынауданда осылайша, құрылысы аяқсыз қалған 30 үй бар.

Өткен жылы жергілікті билік сол үйлердің құрылысын қайта жалғастыруды қолға алып, бюджет қаржысын талан-таражға салғандардың ісі сотқа жіберілді. Қабылдау комиссиясының ескертулерінен соң «ЮКС инжинеринг» ЖШС №127-ші көпқабаты үйдің құрылысын қайта жалғастырған. Құрылысшылар бұрынғы мердігердің жіберген кемшіліктерін жоя отырып, құрылысты мерзімінен бұрын тапсырсақ деп ниеттеніп отырғанын жасырмады.

Қазіргі таңда Нұрсәт шағынауданында 42 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның 12- сінің құрылысы келесі жылы да жалғасуы мүмкін. Алайда, қала әкімдігі құрылыстың мерзімінде тапсырылуын қатаң бақылауға алғанын айтып отыр. Соңғы айда кестеден кешіккен білім мекемесінің құрылысына жауапты мердігерлерге 5 млн теңге, ал тұрғын үй құрылысы бойынша екі миллион тенге айыппұл салынған. Осындай шара жауапсыздық танытқан барлық компанияларға көрілемек.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=3t6GSkT3Nn0[/youtube]