Оңтүстікке БҰҰ-ның өкілдері іс-сапармен келді

296
БҰҰ-ның өкілдері өңірімізге іс-сапармен келді

 

БҰҰ-ның өкілдері өңірімізге іс-сапармен келді

Бүгін оңтүстік өңіріне Біріккен ұлттар ұйымының өкілдері іс-сапармен келді. Олар жергілікті басқарушы органдардың басшыларымен кездесіп, заманға икемделген құлдық мәселесін талқылады. Яғни, кездесуде адам баласын саудаға салу, елімізде құлдық түрлері бар ма, онымен біздегілер қалай күресіп жатқандығы сөз болды.

Біріккен ұлттар ұйымының арнайы баяндамашысы Гүлнара Шахинян бала құқығын қорғау, гендерлік теңдік, миграция жағынан тәжірибесі мол маман.

Әйткенмен облыс әкімдігіндегі бұл жиналыс бұқаралық ақпарат құралдарынсыз өтті. Келген қонақтардың ары қарай не талқылағаны бізге беймәлім.

Бағдараламға сәйкес, ат терлетіп келген ұйым өкілдері екі күн аралығында Түркістан, Шардара, Мақтарал аудандарына баруды жоспарлап отыр.