Жұмыс іздеп келген Қырғыз елінің азаматы өз әйелін пышақтап өлтірді. Ерлі-зайыптылар Сайрам ауданындағы кәсіпорындардың бірінде қарауыл болып жұмыс істеп жүрген. Сол маңда пәтер жалдап тұрады. Бір күні отбасылық кикілжіңнің соңы адам өлімімен аяқталды.
40 жастағы отағасы әйелін енесінің көзінше пышақтап тастайды. Бұл әрекетінен кейін өзіне де қол салыпты. Облыстық клиникалық ауруханаға ауыр хәлде жеткізілген азамат қазір жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Ал осы қанды оқиға бойынша қасақана кісі өлтіру әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері жанжал қызғаныштан туындаған деп болжам жасап отыр.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ZYUlBq803v4[/youtube]