Жаңалықтар 

Алғаш рет Арыс бюджетінің кірісі 1 миллиард теңгеден асты

Арыс қазынасының кіріс бөлігі қаланың тарихында алғаш рет 1 миллиард теңгеден асып жығылды. Сөйтіп, бюджет көлемі 5 миллиард 569 миллионды құраған. Сондай-ақ, былтыр 300 орындық бір мектеп пен 50 балаға арналған балабақша қолданысқа берілген. Бұл жөнінде қала әкімінің халық алдында берген есебінде мәлім болды.

Сонымен қатар Арыстың жер көлемі кеңейіп, халық саны өскен. Себебі, Отырар ауданынан Қожатоғай ауылдық округі қала құрамына еніпті. Ал Ақдаладағы халықтың көкейін көптен күпті етіп жүрген жер мәселесі де шешімін тауып, үш ұжымға 267 гектар егістік алқабы берілген. Онда, тіпті, қос бірдей ірі кәсіпорын бой түзеп жатыр екен.

Сейіт Мұратбеков, Ақдала ауылының тұрғыны: «Бізде жаңағы «Жер-қазына» сүт фермасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек. Құс фермасының құрылысы басталады. Осы мәселелерге жергілікті халықты, азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етуге көмектессе деген ұсынысым бар.»

vlcsnap-2014-02-05-19h15m41s237

Сейіт Ертай, Арыс қаласының әкімі: «Арыс қаласында істейтін барлық мекемелерге өзімнің екі ұсынысымды айтқанмын. Талабым десе де болады. Біріншісі — міндетті түрде осы біздің салыққа тіркелу керек. Екіншісі — міндетті түрде осы біздің Арыс қаласының тұрғындарын жұмысқа алу.»

Тағы бір айта кетер мәселе — қала маңындағы 2,3 елдімекенді шаһармен жалғайтын жалғыз көпірді 2011 жылы су шайып, жарамсыз еткен. Соның салдарынан ондағы 2 мыңнан астам халық Арыстан ажырап қалыпты.

vlcsnap-2014-02-05-19h16m48s139

Сәуле Юсупова, Саяжай елдімекенінің тұрғыны: «Ешқандай жедел жәрдем көлігі келмейді. Қатынас мүлдем тоқтап тұр. Қазіргі таңда балалар рельстің үстімен жүреді. Өздеріңіз білесіздер, рельстің үстімен оқушыларға жүруге тыйым салынған. Сол мәселені шешіп берсеңіздер екен дейміз.»

Сейіт Ертай Арыс қаласының әкімі: «Облыстық бюджеттен 5 миллион 720 мың теңге жобалық-сметалық құжат дайындауға бөлінген. Тапсырыс беруші облыстық автомобиль жолдары басқармасы болатын. 4- желтоқсанда олардың құжаттары және сараптамасы шықты да 2014  жылдың бюджетіне енгізе алмай қалды. Құны 71 миллион теңге болады. Біз ақпан айында болатын облыстық бюджетке ұсынғалы отырмыз. Ол бойынша экономика басқармасына барлық құжаттарды тапсырып қойдық. Аталған жұмыстарды биыл жүргіземіз деп отырмыз.»

vlcsnap-2014-02-05-19h17m48s244

Тұрғындар жиында мұнан өзге мектептерді жөндеп, спорт кешендерін салу мәселелерін қозғады. Қуантарлығы сол, қалада жұмыссыздықпен күрес жақсы жолға қойылған.Ал «Сыбаға» бағдарламасы бойынша былтыр 500-ге жуық ірі қара алыныпты. Ал арыстық өнерпаздар өткен жылғы «Мәдениетім мерейім» шарасында жүлделі 2-орынға ие болған.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz