Бәйдібек ауданы білім көрсеткіші бойынша облысымызда 1-орында

1121

Шаяндағы мәдениет үйінде болатын аудан әкімінің есебіне Мейрамбек аға елден бұрын келіпті. Өйткені, ауылдағы мәдениет ошағы құлауға шақ тұр. Осы мәселені жергілікті билік жылдамырақ қолға алса дейді ол.

Мейрамбек Жақсыбаев, Тасқұдық ауылының биі:  «Қазіргі жағдайы мынау – төбесі түсейін деп тұр. Ішіне кіру деген енді қоқынышты. От жағып жатқанымен, ешқандай жылымайды. Жастар отыра алмайды оның ішінде.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=-Z0FNj1PZEQ[/youtube]

Тасқұдықтан өзге Шалғар, Шақпақ секілді бірнеше елдімекендердегі мәдениет үйлерді күрделі жөндеу қажет. Ал Өмірбек Жолдасбеков есімін иемденген Кеңес ауылындағы мектептің қабырғасы сонау 1958 жылы қаланған. Алайда сан жылдан бері жаңғырту көрмеген білім ошағында қазір дәріс тоқтап тұр екен.

Нұрлан Орынбек, Шаян ауылының тұрғыны: «Мектепті қазір көрсеңіздер жылайтын халге жетесіздер. Спорт залы адам көргісіз. Ұлы сөзде ұят жоқ – дәретханадан жаман шығар. Қазір оны жауып тастағанына үш жылдан асты. Әлі ашылмады. Ең болмаса соған бір жанашырлық танытатын адам таппадық.»

vlcsnap-2014-02-13-17h23m13s94

Бәйдібектіктерді мазалайтын тағы бір мәселе – көгілдір отын. Газ магистралі аудан аумағынан өткенімен, әлі күнге тұтынуға берілмепті.

vlcsnap-2014-02-13-17h21m04s68

Төлеген Дәрменбаев, Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін атқарушы: «2016 жылы газ келеді. Оның жұмысы басталады. Бірақ, Шалғардан бізге бір линия тартылатын болды. Біз жерінің құжаттарын туралап, өткізіп қойдық.»

Жылан жылы Бәйдібекте өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің құны 14 миллиард теңгеге жуықтады. Өнеркәсіп өндірісі 2 миллиард теңгеден асыпты. Аудандағы 51 елдімекен 31 орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылған. 2013 жылы ресми түрде бір жарым мың адам жұмыссыз болып тіркелсе, жыл соңына дейін оның 80 пайызы екі қолға бір жұмыс тауыпты. Сонымен қатар аудан оқушылары ҰБТ- да былтыр облысымызда бірінші орынға шыққан.