Отырар ауданының әкіміне оң баға берілді

394

Өткен жылы Отырар ауданындағы кәсіпорындар 15 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 21 миллиард теңгені құраған. Ал бюджеттің кірісі 7 миллиардқа жетіпті. Ауданның шаруалары 7 миллиард 879 миллион теңгенің өнімін өндірген.

Соңғы жылдары Шәуілдір жерінің 3 жарым мың гектарына түрлі дақылдар егіліпті. «Сыбаға» бағдарламасының орындалуы да жаман емес. Өткен жылды қорытындылай келе аудан әкімі жергілікті жұртшылық алдында жылқы жылында атқарылар істердің жоспарымен бөлісті.

vlcsnap-2014-02-05-17h30m03s93

 Салыхан Полатов, Отырар ауданының әкімі: «2014 жылы суармалы жерлердің көлемін ұлғайту және су өткізгіш қабілетін жақсарту мақсатында 18 каналдың сметалық құжаттары жасалып, облыстық бюджетке ұсынылды. Солардың 16-сы механикалық тазалаудан өтетін болса, екеуі күрделі жөндеуден өткізіледі. 17 көшеге тас төсеу, 22 көшені асфальттау жұмыстарының құжаттары келесі бюджетке нақтылауға ұсынылды. Шәуілдір топтастырылған су жүйелеріне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Оған республикалық бюджеттен 300 миллион теңге бөлінді.»

Сондай-ақ, биыл Отырардағы үш елдімекенге ауызсү жүйесі тартылмақ. Аудан әкімінің есебіне келген қариялар аймаққа егінге қажетті су жеткізу де ежелгі мәселе екенін айтады.

Құлымбек Әбілқасым, зейнеткер: «Бірде-бір рет осы ауданда су молшылығы болған емес. Себебі, қазақта «Судың басы су ішеді, ал аяғы у ішеді» деген сөз бар. Біз шілдеде су ішетін кезде, су бізге келмей қалады.»

vlcsnap-2014-02-05-17h32m31s45

Отырарлық шопандар жиында мал ұрлығының өршіп тұрғанын жеткізді. Әзірге орган қызметкерлері барымташылардың жолын кесуге қауқарсыздық танытып отырғандай. Десе де аудан басшысы полицейлер пәрменсіз демей, ұрылармен біріге күресуді ұсынып отыр. Ал халық ақыны Әселхан апамызды мектептегі тәрбие мәселесі мазалайды екен.

Әселхан Қалыбекова, айтыскер ақын: «Әр мектепте домбыра үйірмесі болуы керек. Балалар домбыраны мектептен үйреніп шыққандары жақсы. Бұған қоса әр мектепте ағылшын пәнін оқыту керек. Орыс тілін де оқытсын керек болса, біз орысша білмейміз. Сондықтан осы мектептің жұмысын жақсарту керек деп ойлаймын.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=eCUHuJBItWk[/youtube]

Жиын соңында қорытынды сөз сөйлеу үшін мінберге шыққан облыс әкімі жергілікті жұртшылыққа Отырардағы уран өндіруші алпауыт компаниялардан әлеуметтік көмек болатынын айтты. Тұрғындар көтерген көптеген мәселелерге жауап берген Асқар Исабекұлы соңында аудан әкімінің есебіне оң баға берді.