Студент қыздар арасында волейболды дамыту қажет (фоторепортаж)

788
Жарысқа алты команда қатысты

Демалыс күні студенттер волейболдан чемпион команданы анықтады. Спорттың осы түрін дамытуға үлесін қосқан азаматтардың бірі Төрежан Жүнісовтың 70 жылдығы волейбол алаңында тойланды. Осыған байланысты ұйымдастырылған жарысқа 6 команда жиналыпты. Жоғары оқу орындарының арасында жалғыз колледждің студенттері де бар.

Жарысқа қатысушылар әр ұпайды қолдан бермеуге тырысты
Жарысқа қатысушылар әр ұпайды қолдан бермеуге тырысты

Волейбол ерлер арасында дамыған. Ал қыздардың ойынына көңіл бөліне бермейді деп бойжеткендер өкінішінтерін жасырған жоқ. Спорт мектептері арасында жарыс өтіп тұрады. Ал студенттерге келгенде қиындық туындайтын секілді. Жылына бір рет қана облыстық турнир өтіп тұратын. Тек соңғы үш жылда ғана студент қыздар арасында арнайы дода ұйымдастырылады. Бұл турнир де сол жарыстардың бірі.

Жарысқа алты команда қатысты
Жарысқа алты команда қатысты
Манап Өтебаевтың әуесқой волейболшылары үшінші орынға ие болды
Манап Өтебаев колледжінің әуесқой волейболшылары үшінші орынға ие болды

Манап Өтебаевтың атындағы оқу орнының студенттері қарсыластарынан басым болып, үшінші орынға таласуда. Қоладан алқа тағу үшін осы ойынды жеңуі тиіс болатын және бұл жолы да олар ептілік танытты.

Ақтық ойынға "Отырар" және "Шу" командасы шықты
Ақтық ойынға «Отырар» және «Шу» командалары шықты
отырарлықтар ойынның алғашқы минутынан бастап-ақ  алға шығуға талпынды
Отырарлықтар ойынның алғашқы минутынан бастап-ақ алға шығуға талпынды
Ойынның басында "Шу" командасы қорғаныста болды
Ойынның басында «Шу» командасы қорғаныста болды
Алайда көп ұзамай шабуылға да көшті
Алайда көп ұзамай шабуылға да көшті
Бойжеткендердің ойынын тамашалауға елуге тарта жанкүйер де жиналды
Бойжеткендердің ойынын тамашалауға елуге тарта жанкүйер де жиналды

Ал ақтық ойынға «Отырар» мен «Шу» командалары шықты. Бас жүлдеге таласта екі жақтың бойжеткендері де ұпайды қолдан бермейтінін байқатты. Алғашқы партия соңына дейін тең келді. Екі ұпайға отырарлықтар алға шықты.

Жанкүйерлердің де қолдауы волейболшыларды алға жетеледі
Жанкүйерлердің қолдауы волейболшыларды алға жетеледі
"Жеңіске жетеміз"- "Шу" командасының ұраны
«Жеңіске жетеміз!» Бұл — «Шу» командасының ұраны
Ойын соңына дейін қос команданың ойыны тең есеппен келді
Ойын соңына дейін қос команданың теңдей келді
Кездесудің алғашқы партиясында отырарлықтар жеңімпаз атанды
Кездесудің алғашқы партиясында отырарлықтар жеңімпаз атанды
Дегенмен отырарлықтар басымдылық танытты. Жарыс жеңімпазы үшінші партияда белгілі болды
Дегенмен отырарлықтар басымдылық танытты. Жарыс жеңімпазы үшінші партияда белгілі болды

Бұл жарыс студенттер арасындағы облыстық спартакиадаға дайындық екенін волейболшалыр да, олардың бапкерлері де ұғынып отыр. Ал бүгінгі турнирде Отырар университетінің спортшы қыздары жеңіске жетті.