Қазығұртта 117 жастағы әже тұрады

819
Немерелері мен шөберелерінің атын жатқа біледі

Қазығұрт ауданында жасы жүзден асқан 14 тұрғын бар. Солардың бірі – 1897 жылы туылған қарт әже Ұлбала Бейсенова. Үш ғасырдың куәсі болған кейуана бүгінде 117 жасқа толып отыр.

117 жастағы әже
117 жастағы әже

117 жастағы Ұлбала Бейсенова Қазығұрт ауданы, Шарапхана ауылында тұрады. Өткен ғасырдың 1897 жылы дүниеге келген кейуана жас кезінен еңбекке ерте араласып, комбайын айдап, трактор тізгіндедім дейді. Мереке қарсаңында қарт ана жастық шағын бір сәт еске алып, ұзақ жасаудың сырын айтты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=drPba5C0t_Y[/youtube]

Ұлбала Бейсенова, 117 жастағы әже: «Ұзақ жасаудың сыры дейсіз ба? Ұзақ жасаудың сыры – айран ішіп, қымыз ішіп, ет жеп, жақсы ауқат ішсең, өсесің.Денің сау болады.»

Немерелері мен шөберелерінің атын жатқа біледі
Қарт әже немерелері мен шөберелерінің атын жатқа біледі

Ұлбала әженің ең сүйікті асы – жұқпа нан. Сүйікті сусыным – қымыз дейді. Қазір, Құдайға шүкір, кейуана егде жасына қарамастан өзін сергек сезінеді. Ертелі-кеш ауылдың кішкентай кекілділеріне ертегі айтып, келіндеріне ақыл-кеңесін беріп отырады. Көрші-қоңсының хал-жағдайын да жиі біліп тұрады дейді ауыл тұрғындары.

Бибіжамал Шалқарова, көршісі: «Сүйегі асыл ол кісінің. Көршілерімен жақсы тұрады. Келсең, қуанып қалады. Өте жақсы. Тату-тәтті тұрамыз.»

Шөбересін өзі жұбатады
Шөбересін өзі жұбатады

Ұлбала әже 1 ұл, 1 қызынан 7 немере, 18 шөбере, 6 шөпшек, 3 немене сүйіп отыр. Мереке қарсаңында жергілікті билік өкілдері әжеге тосынсый жасап, құрмет көрсетті. Біз де 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, «қартаймаңыз» деп, тілдей тілек қостық.