Оңтүстікте төртем дүние есігін ашты

Сүйінші! Шымкентте төртем туылды. Үш қыз бен бір ұл баланы дүниеге әкелген – Сайрам ауданы, Ақсукент ауылының 27 жастағы тұрғыны. Төрт баланы бірден дүниеге әкелерде Рабиай Шерметоваға дәрігерлер Кесер тілігін жасауға мәжбүр болыпты. Дегенмен, төрт сәби дін аман. Жағдайлары жақсы. Еске салайық, Оңтүстікте мұндай қуанышты жағдай соңғы рет осыдан 10 жыл бұрын ғана орын алған еді. төртем

Фатима, Хасан, Зухра және Захра. Төртемді ата-анасы осылай деп атапты. Салмақтары 1200 бен 1500 грамның аралығындағы сәбилер әзірге әлсіз. Күтімнің екінші кезеңінде жатыр. Ал қуанышты ананың бұл екінші құрсағы екен.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=lZzcfOk-gEk[/youtube]

IMG_7000

Рабиай Шерметова, төртемнің анасы: «Ультрадыбыстық зерттеудің нәтижесін айтқанда, қорықтым. Жұбайымның да жаны қалмады. Үнемі бақылаудың арқасында, Құдайға шүкір, міне, ұл-қыздарым дүниеге келді. Отбасымыз қазір үлкен қуаныш үстінде. Жалпы, мұндай бірден төртем туу күйеуімнің әулетінде жоқ. Ал менің ата-бабаларымда егіз кісілер болған екен.

төртем

Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 78 233 нәресте дүниеге келіпті. Оның ішінде 721-і егіз болса, 11-і – үшем. Ал биылғы жылдың екі айында 12 311 бала туылса, оның 126-сы – егіз. Бір ғана облыстық №2 перинаталдық орталығында 2013 жылы 6410 нәресте дүниеге келсе, 111-і – егіз, біреуі – үшем. Ал биылғы жылы мұнда 1253 нәресте дүниеге келді. Мұнда туған сәбилердің 23-і егіз.

төртем

Сәбилер жыл бойы жіті қадағалауда болады. Мұны денсаулық сақтау басқармасының мамандары қамтамасыз етіп отыр. Бүгін – Наурыздың «Өніс» күні. Өніс күнінде өсіп-өнген осы күнді жамағат жақсылыққа балап отыр.

төртем