Шымкентте 9 қабатты 15 үй пайдалануға беріледі

255
тұрғын үйдің құрылысы

«Қолжетімді тұрғын үй -2020» бағдарламасы арқылы баспана кезегінде тұрғандарың мүмкіндігі арта түсті. Оңтүстікте осы жұмысты күшейту үшін «Қазақстан тұрғын үй-құрылыс корпорациясы» мен облыс әкімдігі меморандумға қол қойды. Биылдан бастап арендалық баспаналар тұрғындарға беріледі.

Меморандумға қол қойды

«Қазақстан тұрғын үй-құрылыс корпорациясы» – «Қолжетімді баспана -2020» бағдарламасының «Арендалық баспана» тармағының операторы. Корпорацияға құрылыстың барлық технологиялық процесін бақылау, жобалау, тұрғын үйді қабылдау тапсырылған. Мамандарбиыл оңтүстікқазақстандықтарды баспанамен қамтуда еш кедергі болмайды деп сендірді.

Батыржан Қаракөзов, «Қазақстан тұрғын үй-құрылыс корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары: «Меморандум арқылы осы бағдарламаны халыққа жылдам жеткізуді көздеп отырмыз. 2020 жылға дейін қанша үй тапсырамыз және жергілікті атқарушы билікпен бірлесіп, тезірек жергілікті халыққа қолжетімді баспананы жеткізудің жолын қарастырудамыз.»

Айта өтейік, биыл Оңтүстікте 9 қабатты 15 тұрғын үй салынып жатыр. Жалпы аумағы 56 мың шаршы метрден асып кететін 1080 пәтер арендалық баспана ретінде жергілікті әкімдік жасақтаған тізіммен беріледі деп күтілуде.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=-h8tPnjMV8k[/youtube]

Қалдыбек Нарқұлов, «Корпорация «Ақ Орда» ЖШС бас директорының орынбасары: «Жұмыс кестеге сай жүргізіліп жатыр. Біз шілде айында үйді тапсырамыз деген жоспармен жұмыс істеп жатырмыз.»

Арендалық баспана жалға алушыға 15 жыл мерзімге беріледі. Төлем құны пәтерді жалға алу уақытына байланысты. Бір шаршы метрдің бағасы шамамен 1000-1300 теңгені құрайды. «Қазақстан тұрғын үй-құрылыс корпорациясы» биыл 151 мың шаршы метр, 2015 жылы 250 мың шаршы метр қолданысқа беруді жоспарлап отыр.