Шымкентте жүзу маусымы басталды

701
Шымкенттің "Орталық бассейні"-нде кәсіби деңгейде 150-ге тарта бала жүзумен шұғылданады

Орталық бассейнде жаттығатын алғашқы қарлығаштар республикалық турнирден жүлдемен оралды. Ашылғанына бір жарым жыл ғана толған спорт ордасында 140-қа жуық жеткіншек жүзу спортымен шұғылданады. Олардың арасынан іріктеу жасалынып, жерлестеріміз Көкшетауға жол тартқан болатын.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=PIWS4zOAExE[/youtube]

"Бурабайдың інжу маржаны" жарысанан бұл жеткіншектер топты жарып келді
«Бурабайдың інжу маржаны» жарысынан бұл жеткіншектер жүлдері оралды

«Бурабайдың інжу маржаны» атты жарыстан 9 жерлесіміз жүлдемен оралды. Жүлде қоржынында бес алтын, бір күміс және үш қола медаль бар. Иван Прозорев пен Варвара Крыгина қос алтыннан жеңіп алды. Ал Владимир Щебельников екі рет үшінші орыннан көрінді.

Дастан Көкшетаудағы жарысқа қатысқан жасы жағынан ең кішкентай спортшы болды
Дастан Көкшетаудағы жарысқа қатысқан ең жас спортшы болды

Эстафеталық жарыста да шымкенттіктер екі медальға қол жеткізді. Ендігі мақсат – чемпиондардың қатарын көбейту. Бұл жоспарды орындау үшін орталық бассейнге арнайы олимпиадалық құрылғылар да алыныпты. Ал наурыздың 22-не бұл бассейнде арнайы турнир де өтеді.

"Бурабайдың інжу маржаны" жарысанан бұл жеткіншектер топты жарып келді

Бұл жеткіншектер облыс құрамасының мүшелері
Бұл жеткіншектер – облыс құрамасының мүшелері
Эстафеталық жүзуде де жерлестеріміз жүлделі болды
Эстафеталық жүзуде де жерлестеріміз жүлделі болды

Жерлестеріміз қос медальдан жеңіп алды

"Орталық бассейн"-де жүзу спортының алғашқы кезеңінен бастап үйретеді

Бір жарым жылдың ішінде жүзу спортының кішкентай спортшылары алғашқы медальдарына да ие бола білді

Шымкенттің "Орталық бассейні"-нде кәсіби деңгейде 150-ге тарта бала жүзумен шұғылданады