Шымкенттік өнерлі қыз Шешенстан президентін таңқалдырды

399
Элина Мұртазова
Элина Мұртазова

Оңтүстіктің тумасы Элина Муртазова Шешенстан Республикасының Президенті Рамазан Қадыровты өз өнерімен тәнті еткен. Осы орайда Рамазан Қадыров 23 жасар әншіге «Шешенстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі» атағын беріпті.

Элина Мұртазова
Элина Мұртазова

Бір жарым  жасынан бастап ән салып, талай жұртты тәнті етіп келген бойжеткеннің шығармашылығы Оңтүстіктен бастау алған болатын. Әлемдік өнер биігін бағындырғысы келген Элина 5 жылдан бері Шешенсатанда кәсіби біліктілігін шыңдап жүр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ScPFyYiTPBs[/youtube]

Жуырда ол Грозный қаласындағы Мемлекеттік концерт залында жеке шығармашылық ән кешін өткізді. Оған қонақ ретінде Шешенстан Республикасының Президенті Рамазан Қадыров отбасымен қатысыпты.  Жерлесіміздің өнеріне тәнті болған Перзидент  Элина Муртазоваға»Шешенстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі» атағын беруді жөн көріпті.