Таулы аудандарда әлі қалың қар жатыр

390

Сырдария өзенінің Қызылордаға тиесілі бөлігінде мұз әлі қалың.  Отырар ауданындағы Маяқұм ауылының маңында да аздап қауіп бар. Мамандардың берген мәліметі осы. Ал Балтакөл елдімекеніне қазір төніп тұрған қауіп жоқ.  Десе де жағдай қатаң бақылауда деп сендіреді олар.

Ал Көксарай су реттегішіне бүгінгі таңда жиналған су көлемі 2 миллиард текше метрден асып отыр. Жалпы сыйымдылығы 3 миллиард текше метрді құрайды. Қары мол жауған қыстың шаруаға қаһары тимесін деп төтеншеліктер мен «Қазселденқорғау» мекемесінің облыстағы филиал басшылығы аудандар мен көрші облысты аралауға шықты. Арнайы бекеттерді орналастырды. 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=WfETa8zqW_s[/youtube]

Бөгеттер жасалып жатыр

Сондай-ақ, Төлеби, Түлкібас аудандарының таулы аумақтары мен Бәйдібек ауданының бірқатар елдімекендерінің жоғарғы жағында және Одаман бұлақ асуында қалың қар жатыр. Бұл тізімге Созақ ауданының Таскөмірсай асуын да қосыңыз.