«Ордабасы» клубында – жаңа бас бапкер

329
Саулюс Ширмялис - "Ордабасы" ФК бас бапкері, фото Kff.kz сайтынан алынған

«Ордабасы» футбол командасына жаңа бапкер келді. Ол – бұған дейін «Ақжайық» футболшылары мен Қазақстанның жастар құрамасын жаттықтырған Саулюс Ширмялис. Бір айта кетерлігі – клуб басшылығы мен литвалық маман әлі келісім-шартқа қол қойған жоқ. Алайда, клуб басшылығы маманмен жұмыс істеуге бекініп отыр. Бас бапкермен ордабасылықтар сәуірдің үші күні танысатын болады. Сондай-ақ, Ширмялиспен бірге оның көмекшісі словакиялық Йозеф Шкрлик те келеді деп күтілуде. Қос маман кезінде Ақжайықта және жастар құрамасында бірлесе жұмыс атқарған болатын.

Саулюс Ширмялис  - "Ордабасы" ФК бас бапкері, фото Kff.kz сайтынан алынған
Саулюс Ширмялис. Фото кff.kz сайтынан алынды

Өмірбаяны

Аты-жөні: Саулюс Ширмялис

Туылған уақыты: 31.05.1956 ж

Туылған жері:  Биржай (Литва)

Азаматтығы: Литва
Лицензия УЕФА: PRO (Литва, 2013)

Карьера : 1985 – 1995 «Венибэ» (Литва), 1995 – 1997 «Панерис» (Литва), 1998 – 2000 «Жальгирис» (Литва), 2000 – 2003 «Каунас» (Литва), 2003  Литваның ұлттық құрамасы (бас бапкердің көмекшісі), 2003 – 2004 «Вентспилс» (Латвия), 2006-2007 «Татран» (Словакия), 2007 «Экранас» (Литва), 2007 – 2009 Литваның ұлттық құрамасы (бас бапкердің көмекшісі), 2007 Литваның жастар құрамасы (U-21), 2010 «Шяуляй» (Литва), 2010 «Атлетас» (Литва), 2011 «Атлантис» (Финляндия), 2011 – 2012 «Ақжайық» (Қазақстан)

Жетістіктері:  Литва чемпионы (2000, 2001, 2002),  Литва кубогінің иесі (2001), Литва Суперкубогінің иесі (2001),  Латвия Кубогінің иесі (2003, 2004), Латвия чемпионатының қола медаль иесі (2003, 2004), Литваның үздік бапкер иесі(2001).