Кенеге қарсы дәрі де, хауыз да тапшы

953
Темір хауыздардың бүгінгі жайы

Оңтүстікте қырым қанды қызбасының алдын алып, кенемен күресуге дәрі жоқ. Қазірдің өзінде облыс бойынша 300-ден астам азаматты кене шаққан. Ал төрт түлік малды дәрілеу шараларын сәуір айынан бастауды белгілеп қойған жергілікті билік тек қағаздағы қаулыны ғана көрсетіп келеді. Жоғарыға жалтаңдаған Шымкенттің мал дәрігерлері өткен жылдан қалған 5 қап дәріге үміт артып отыр.

Темір хауыздардың бүгінгі жайы
Темір хауыздардың бүгінгі жайы

Арнайы препаратты айтпағанда Шымкент қаласында ұсақ малды тоғытатын әуіз де жеткіліксіз. Қалалық ветеринария бөлімінің мамандары темірден жасалған 8 әуізді қоятын жер таппай әлек. Шаһарға қосылған 40 елдімекеннің онында Кеңес Одағының көзі болған бетон шұңқырлар ғана қалған. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал тоғыту жұмыстарының кешеуілдеуін ауа райының қолайсыздығымен түсіндіреді. Облыс бойынша жиналған 2 мыңнан астам кенені тексерген мамандар арасынан қырым қанды қызбасын тасымалдаушыларды да анықтапты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=381BAtxEHFM[/youtube]

003