Мұрат Өнел Шымкент әкіміне футбол жейдесін сыйлады

340

Қызғалдақтар елінен келген қандасымыз Мұрат Өнел атажұртқа алғаш қадам басып отыр. Аты аңызға айналған «Аякс» футбол мектебінің түлегі Шымкентке қала әкімі Дархан Сатыбалдының шақыртуымен келген болатын.  Жергілікті «Қыран» командасымен келісім-шартқа отырған жас жігіт таяуда қала басшысының жеқе қабылдауында болды.

bgfbfgb

Мұрат Дархан Сатыбалдыға шексіз ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді. Сонымен қатар ол кәрі құрлықтан Шымкент қаласының әкіміне кәдесый ретінде әкелген Голландия ұлттық құрамасының жейдесін тарту етті.

dsdsdff

Сондай-ақ, Мұрат Шымкентте қазақтардың көптігіне дән риза. Айтуынша, Голландияда қырық шақты қазақ жанұясы бар екен.

 – Мұншама көп қандастарды өмірімде алғаш рет көрдім. Маған осындай мүмкіндік сыйлаған Шымкент қаласының әкіміне шексіз алғыс айтамын. Ұлтжанды азамат екен! Мұнда менің ана тілімді үйренуіме көптеген қазақ балалары көмектесуде,- дейді Мұрат. Ол ағылшын және түрік тілінде сөйлейді. – Мақсатым қазақ қызына үйленіп, осында отбасын құру. Ата-анам мені ата жұртқа шығарып салард -футбол ойнамасаңда Қазақстанда қалуға ұмтыл деген-ді. Әке-шешемнің үмітін ақтауға тырысамын. Қазақстанның Голландиядан айырмашылығы көп. Алайда, Дархан аға секілді азаматтар қамқор болса, үйреніп кетемін деп ойлаймын. Иә, маған «Аякс» футбол мектебінде жаттығу бақыты туды. Бірақ, ондағы қазақ балаларының көпшілігінде футболмен айналысу мүмкіндігі жоқ. Себебі, ондағы спорт мектептерінде оқу үлкен қаржыны талап етеді.  Ал қызғалдақтар еліндегі қандастардың көпшілігінде ондай мүмкіндік жоқ. Сол себепті, қазақ балары ер жете жұмыс істеп, қаражат табуға тырысады.

Айта кетейік, Мұрат Өнел Қазақстан футбол чемпионатында «Қыран» клубы сапында «Астана 1964» командасымен өткен алғашқы кездесуінде гол салып, жеңіске жетуіне септігін тигізген болатын.