Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтында гала-концерт өтті

449
Өнерлі студенттер

Мардан Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтында «Бір  мақсат, бір мүдде,  бір болашақ» тақырыбында өткен апталық қорытындыланды. Бір жеті сайысқа түскен студенттер шара соңында гала-концерт ұйымдастырды. Мың бұралған бишілер өз өнерімен көпшілікті тәнтті етті.  ОҚГИ студенттері шығармашылыққа да жақын. Гуманитарлық бағытта оқып жатқан жастар болашақта жан-жақты кәсіби білікті маман иелері болмақ.

Өнерлі студенттер
Өнерлі студенттер

Гүлнәр Жұмағұлова, М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-дің кафедра меңгерушісі: «Бір апта бойы сайыстар ұйымдастырылды. Көрме, дебат, дөңгелек үстел. Осы іс-шараларға мектептердің мұғалімдері, инспекторлары арнайы шақырылды. Студенттер де белсенді түрде қатысып, өздерінің институт қабырғасында үйренгендерін ортаға салды. Шығармашылық байқаулары да тартымды өтті.»

«Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбында өткен апталықта жастар қоғамдық өмірдегі түйіткілдерді сабырлықпен шешуді үйренді. Ойын ретінде өткен іс-шаралар барысында болашақ психологтар тәжірибе жинақтап, машықтанады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=2OEc5pGRfrI[/youtube]

Қуаныш Алтынбек, студент: «Мен өзім психолог мамандығын таңдап, дәріс алудамын. Диалог барысында көп мәселені ұрыс-керіссіз шешуге болатынына көзім жетті. Апталықта сыйластық пен мейірімді болуды үйрендік. Адамдар бір-біріне жылы лебіз білдірсе, қарым-қатынастары жақсарады екен.»

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жастардың алған мамандықтарының қыр-сырын тануына, жан-жақты болуына бағыт-бағдар береді.