Саттар Ерубаевтың туылғанына – 100 жыл

1545
Саттар Ерубаев

Қазақ әдебиетіне өзіндік үлес қосқан қарымды қаламгер Саттар Ерубаевтың туылғанына биыл 100 жыл толып отыр. Мерейлі датаға орай облысымызда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бір айғағы – облыстық жасөспірімдер кітапханасында ұйымдастырылған жазушы шығармашылығы мен өміріне арналған әдеби кеш.

Саттар Ерубаев
Саттар Ерубаев

«Қыран ғұмырлы балауса дарын» деп аталған іс-шарада патриоттық рухы жоғары жазушының шығармашылығы насихатталды. Әдеби ортаға тұлпар шабыспен екпіндеп кіріп, небәрі 24 жасында өмірден өткен қаламгер артына өлместей мол мұра қалдырып кетті.

Оның «Менің құрдастарым» романы, «Күрестің түйісінде», «Мәңгілік өмір», «Бақыт», «Өмір көркемдігі» т.б. новеллалары мен өлеңдері бүгінде оқырмандардың сүйікті шығармаларына айналған. Қазақ жұмысшы табының қалыптаса бастау тарихынан, сонау 30-жылдардағы Қарағанды сынды ірі өнеркәсіп ошағының тыныс-тіршілігінен сыр шерткен жазушы туындысының жастарға берер тәрбиелік мәні мол.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=wkK6JKP_CAk[/youtube]

Публицист, сыншы Саттар Ерубаев әдебиетімізге адам психологиясын жан-жақты ашудың озық үлгісін әкеліп, оны роман жанрында қазақ топырағына батылдықпен сіңіре білді. Мазмұны терең іс-шараға қатысқан оқушылар рухани сусындап қана қоймай, қаламгер шығармаларына деген сүйіспеншіліктерін де арттыра түсті.

20140411_111645

20140411_111722

Нұрбол Айнабеков, №24 мектептің оқушысы: «Мен бүгінгі шығармашылық кеште Саттар Ерубаевтың рөлін сомдай отырып, өзіме үлкен тәжірибе жинақтадым. Оның қайталанбас образына ене отырып, ақынның өміріне терең үңілдім. Қаламгердің шығармаларының бізге берері өте мол. Ол өте дарынды жазушы, ақын, публицис, сыншы болған.»