Шымкентте көкөніс 10-15 пайызға қымбаттады

455

Хадича Сайфимулюкова зейнетақысын бұл жолы тағатсыздана күтті. Өйткені, бірінші сәуірде зейнетақы мен  мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері біршама артқан еді. Алайда қолына ақшаны алғанда қуанышы сейілді.

Зейнеткер  барлығын үнемдеуге көшкен
Зейнеткер барлығын үнемдеуге көшкен

Хадича Сайфимулюкова, зейнеткер:» Зейнетақымды алдым. Бұрын 36 мың алатын едім, енді 38 мың теңге алатын болдым. Бұрынғымен салыстырғанда 2 мың теңгедей артық. Ол не болады? Өткен демалыста базарда болдым. Көкөніс, жеміс-жидек — барлығы қымбаттаған.»

Зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылар берілген күні «ҚазАгромаркетинг» АҚ ОҚОФ мамандары қала базарларында мониторинг жүргізді. Анық болғаны — бірінші сұрыптағы ұнның келісі — 65 теңге, құмшекердің орташа бағасы — 155 теңге. Ал ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 10-15 пайызға өскен.

Нұрлан Есіркепов, «ҚазАгроМаркетинг»АҚ ОҚОФ өкілі: «Картоп, пияз сәбіздің бағасы 10-15 пайызға қымбаттаған. Бұл — маусымдық қымбатшылық. Оған қоса өзге өңірлерден жеткізілетін өнімдердің де көлемі азайған.»

Картоп, пияз ,сәбіздің бағасы 10-15 пайызға қымбаттаған
Картоп, пияз ,сәбіздің бағасы 10-15 пайызға қымбаттаған

Зейнетақы мөлшері шамалы ғана артқан деп наразылықтарын білдірген зейнеткерлер барлығын үнемдеуге тура келеді деп отыр.