Х-Фактор Шымкенттен басталады

280

Х-фактор. Бұл жоба туралы жас пен кәрінің бәр біледі. Осымен 5-маусым қатарынан өткізіліп келе жатқан ән байқауы талай өнерлі жанның бағынашты десе де болады. Биыл бұл жоба сәуірдің орта шенінен басталғалы тұр. Нақты айтқанда, 14-сәуір күні Х-Фактор Шымкентке келеді деп күтілуде. Яғни, дауыс додасы біздің қаламыздан басталады.

 

Кастинг «Достық» қонақ үйінде өтеді. Содан кейін еліміздің өзге де қалаларын аралаған жобаның телевизиялық нұсқасы қыркүйек айынан бастап «Евразия» бірінші арнасынан көрсетіле бастайды.

Биыл да әділқазылар алқасында әдеттегідей Өнер академиясының проффессоры, Қазақстанның ең әйгілі әншілерінің бірі – Нағима Есқалиева болады. Айта кету керек, Нағима Хабдулқызы Шымкенттен өзіне ұнаған әнші қызды іздеп келіп отыр.

– Осыдан бірнеше жыл бұрын Шымкенттегі кастингке Ләззат есімді қыз келді, – дейді Нағима Есқалиева. – Алғашқы сыннан сүрінбей өткеніне қарамастан, өкінішке орай, ол қыз жобаға одан әрі қатыса алмай қалды. Егер осы жолы да сол Ләззат Х-Факторға қатысуға келсе, мен оны өз командама аламын!

Сонымен, 14-сәуір, «Достық» қонақ үй, Х-фактор жобасы!