«Х-фактор» Шымкенттен басталды

249
Өзін Николай деп таныстырды

«Өнерге әркімнің-ақ бар таласы». Шымкентте шымылдығын түрген «Х-фактор» жобасының іріктеуіне жүздеген жерлесіміз жиналды. Үлкен сахнаға жол ашатын осынау додада бақ сынауға мына белгілі тұрағы жоқ азамат та ниет білдіріпті. 

Белгілі тұрағы жоқ азамат
Конкурсқа қатысқысы келген азамат

Алайда іріктеу комиссиясын оны байқауға жіберген жоқ. Басты себеп – киім үлгісі сахнаға сай емес. Жалпы, биыл бесінші рет өтіп отырған осы шараға 16 жастан асқан үміткерлер қатыса алады. Олардың шығармашылығына шектеу қойылмайды. Ал ұйымдастырушылар қазылар алқасының мүшелерінен әзірге өнер академиясының профессоры Нағима Есқалиеваның ғана есімін жариялап отыр. Айта кетейік, биылғы «Х-фактор» жобасының жеңімпазына 5 миллион теңге қаржылай сыйақы тағайындалған.

Өзін Николай деп таныстырды
Азамат өзін Николай деп таныстырды

Николай, белгілі тұрағы жоқ азамат: «Менің орындауымдағы әнді итальян әншісі «Санрэмо» байқауында орындап, бірінші орынды жеңіп алған. Ал әннің авторы – Адреано Челентано. Мен Италияда көп болғанмын. Сондықтан олардың әндерін, тыныс-тіршілігін жақсы білемін. Тоғыз жыл түрмеде отырып шықтым, амалсыз көшеде қалдым. Қазір күзетшілер мені сайысқа қатыстырмаймыз деп жатыр, бірақ мен бәрібір кіріп, ән саламын.»

"Х фактор" жобасы
«Х фактор» жобасына келгендердің қарасы көп болды
Үміткерлерге талап біреу - 16 жастан асуы қажет
Үміткерлерге талап біреу – 16 жастан асуы қажет
Қатысушылар саз аспаптарын да ала келген
Қатысушылар саз аспаптарын да ала келген
Көпшілікке таңғы сағат 9-30-нана бастап жиналды
Көпшілік таң атпай жиналды
Қобалжыған үміткерлер сәттілікке сенеді
Қобалжыған үміткерлер сәттілікке сенеді
Баянда ойнап, көптің назарын аударған жастар та қатысты
Баянның сүйемелдеуімен ән айтып, көптің назарын аударған жастар да болды
Ал бұл сәтте өзге қатысушылар сауалнаманы толтырды
Ал бұл сәтте өзге қатысушылар сауалнаманы толтырып жатыр
Түс ауа да қатысушылардың қатары толастаған жоқ
Теледидар арқылы танылудан үміткерлердің қатары түс ауа да толастаған жоқ

жерлестеріміз тыста ән айтып, дайындықтарын пысықтады
Жерлестеріміз далада ән айтып, дайындықтарын пысықтады

Сауалнама толтырған қатысушылар ұзын-сонар кезекке тұрды