Жастар арасында жұмыссыздық өршіп тұр. Жыл басынан бері облыстык еңбекпен қамту жөніндегі құзырлы орындарға екі қолға бір жұмыс іздеп келгендердің жартысына жуығы — қыз-жігіттер. Күрмеулі мәселе бүгін студент жастардың талқылауына түсті.
Пікірталас алаңына жиналған олар әлеуметтік мәселені шешуде ой-пікірлерін ортаға салды. Жастардың пайымдауынша, жұмыссыздық мәселесін реттейтін мемлекеттік бағдарларларды жүзеге асыруды жетілдіру керек. М.Әуезов атындағы ОҚМУ жастар бірлестігінің төрайымы Құралай Сауыттың ойынша, бағдарламалардың дені ауыл жастары арасындағы жұмыссыздықты ауыздықтауға арналған. Сондықтан, бұл мақсатта қолға алынған мемлекеттік шаралар қалалық қыз-жігіттерді де қамту тиіс.