«Студенттік көктем – 2014» облыстық фестивалі аяқталды

336
марапатталушылар

Сәуір айынан бастау алған «Студенттік көктем – 2014» облыстық дарынды жастар фестивалі өз мәресіне жетті. Оқу жылында үздіктер сапынан табылу студенттерге оңайға түскен жоқ. «Шынықсаң, шымыр боласың» сайысы нағыз толағайларды анықтаса, «Көркемсурет», «Дизайн», «Көркем сөз», «КТК ойынындары» сайыстары шығармашыл жастардың қиялдарына қанат бітірді.

"Студенттік көктем" фестивалі қазақ биін билеуден басталды
Фестиваль қазақ биінен басталды

Кеш жүргізушілері

Үздік студенттер марапатталды
Үздік студенттер марапатталды
Мараттан ұстаздар қауымы да шет қалмады
Марапаттан ұстаздар қауымы да шет қалмады

Студенттер ұстаздарына алғысын білдірді

30-ға тарта ұстазға арнайы сыйлық пен диплом табысталды
30-ға тарта ұстазға арнайы сыйлық пен диплом табысталды

«Студенттік көктем» фестивалі аясында отыз шақты жоғары оқу орнының студенттері 1 ай бойы өз дарындарын өнерлерін сынаған болатын. Ал сайысты қолға алған облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының айтуынша, бүгінде талантты ғана емес, білімді жастолқынға да үлкен жағдай жасалып отыр.

марапатталушылар

Болат Жанәбіл, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары: «Өнерлі жастарға түрлі республикалық додаларға қатысып, өнерін шыңдауға көмектесіп жүрміз. Ал білім мен ғылымға құштар жастар үшін жыл сайын «Жас ғалым» ғылыми еңбектер сайысы өтеді. Жеңімпазға 750 мың теңге қаржылай сыйақы тағайындалған. Бұған қоса, жеңімпаз республикалық, халықаралық конференцияларға қатысуға мүмкіндік алады.»

Гала-концертте көңілді тапқырлар клубының ойыншылары әдемі әзілдерін ұсынды
Гала-концертте көңілді тапқырлар клубының ойыншылары әдемі әзілдерін ұсынды
Көрермендер арасында студенттер басым
Залға көрермен лық толды

Испан биін биледі студенттер

Қазақ эстрадасының жұлдызы Еркін Нұржанов та ән арнады жастарға
Қазақ эстрадасының жұлдызы Еркін Нұржанов
Саз аспатарында ойнаған жастар да болды
Көрермендер өнерге тәнті болып отыр

Жастар шетелдік әндерді орындады

Жастар өнерпаздарға қол соғып, демеу болып отырды

"Cтуденттік көктем" фестивалінің жеңімпаздарын құттықтауға қазақ эстрадасының  жұлдызы Қайрат Түнтеков те арнайы келіпті
«Cтуденттік көктем» фестивалінің жеңімпаздарын құттықтауға қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Түнтеков те арнайы келіпті

Қайрат Түнтеков: «Стуенттердің алдына шығып, ән салған кезде, көз алдыма өзімнің жастық шағым оралды. Майонез, бір бөлке нан мен жылдам әзірленетін қытайлық тағамды есіме алдым. Алматыда оқып жүргенде атағым шығып қойса да пәтерде тұрдым ғой. Сол кездерді қазір сағынамын, қызық еді бәрі. Мен ән жағынан үздік болған шығармын, бірақ, үздік студент болдым деп айта алмаймын. Біз, шымкенттіктер, тез тілтабысып кетеміз ғой, үйтіп-бүйтіп сессияларды тапсырып, диплом алып шықтым. Есесіне, қазақ эстрадасына өз үлесімді қосып жүрмін деп айта аламын. Қазіргі арманым – қазақтың атын шетелге шығару.»

Жерлестеріміз әншіге гүл сыйлап, әндерін қосыла шырқады
Жерлестеріміз әншіге гүл сыйлап, әндерін қосыла шырқады
Айта кетейік, бүгінде бір ғана Оңтүстік қазақстан облысында 100 мыңнан аса студент бар.
Айта кетейік, бүгінде бір ғана Оңтүстікте 100 мыңнан аса студент бар