Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжіне – 10 жыл

369
Конференцияға еліміздің ЖОО ұстаздары қатысты

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжіне биыл – 10 жыл. Осыған орай, білім ордасы республикалық ғылыми -тәжірибелік конференция өткізді. Ұстаздарды дайындайындауда белесене қызмет етіп жүрген ұжымның айтулы мерейтойымен арнайы құттықтап қайттық.

Конференцияға еліміздің ЖОО ұстаздары қатысты
Конференцияға еліміздің ЖОО ұстаздары қатысты

Кәсіби ұстаз даярлау. Озық технологияны пайдалану. Білім деңгейін арттыру. Мұның барлығы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінде өткен ғылыми конференцияда талқыланды. Еліміздің өзге де қалаларынан арнайы келген педагогтар ғылыми жобалырын ұсынып, тәжірибесімен бөлісті. Шара қонақтарының айтуынша, осы орта арнаулы оқу орнынан үлгі алар тәсілдер жоқ емес.

Жәмила Отарбекова, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің доценті:»Бұл ұжымның педагог мамандарды дайындауда, қазіргі кездегі техникалық мамандарды дайындаудағы рөлінің өте жоғары екендігін мойындаймыз. Ұжымның белсенділігін көріп, қуанып қалдық. Еліміздің ертеңі – жастарды дәл осы бағытпен оқытып, тәрбиелесе Қазақстанның болашағы баянды болады».

Кеңестің қонақтары
Кеңестің қонақтары

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінің мерейтойы мейрамханадағы ақ дастарханда жалғасты. Кеш қонақтары ұжымға сый-сыяпат жасап, ақ тілектерін жаудырды. Ал колледж басшылығы, осынау 10 жыл ішінде талай қиындықтарды артта қалдырдық деп толқыды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Q1xLnDQCejw[/youtube]

Ифтихар Юнусов, ОҚПК президенті:»Тәуелсіз жұмысымызды бастаған кезде, қиындықтарға тап болдық. Колледж деген ұғымның енді ғана қызметін бастаған шақтары. Мектеп оқушыларының сенімін алу, сол сенімді арқалау деген оңай емес. Қазіргі таңда үлкен қалада, облыста, республикада көпшілік үлкен сенім білдіріп жатыр бізге, рахмет! Ал осы 10 жылдың ішінде талай жұмыстарды атқардық деп ойлаймын. ЖОО және арнаулы оқу орындарымен халықаралық байланыстар орнаттық, қазір Ұлыбиртанияға балаларды оқуға жіберіп жатырмыз».

Көрмеге 1000-ға жуық қолөнер ұсынылды
Көрмеге 1000-ға жуық қолөнер ұсынылды

Мерейтой аясында, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінің студенттері қолөнер көрмесін ұсынды көпшілік назарына. Айта кетейік, білім ордасында бүгінде экономикалық, құқықтық, гуманитарлық салалардан 16 мамандық бойынша 1300-ге тарта студент білім алып келеді.