Шымкентте 12 шақырымдық кәріз жүйесі тартылды

602

Қазіргі таңда Шымкенттегі жеке тұрғын үй секторының тек 15 пайызы ғана орталық кәріз жүйесіне қосылған. Тұрғындардың дені кір суды шұңқырларға төгіп, жер асты суын ластап жатыр. Ал бұл – экологияға жасалған қиянат. Сол себепті қаладағы «Су ресурстары маркетингі» ЖШС Еуропаның қайта құру және даму банкінен несие алып, шаһардың «Самал-1», «Самал-2» шағынаудандарына 12 шақырымдық кәріз жүйесін тартты.

fdffs

Жанатбек Тұрдалиев, «Су ресурстары маркетингі» ЖШС-нің экономикалық менеджері: «Біз кәріз құбырларын Байтұрсынов, Қазиев, Өтегенов көшелері арқылы жүргіздік. Ұзындығы 12 шақырымға созылған жүйеге аталмыш көшелердің бойындағы 4400 абонент қосыла алады. Бірақ, тұрғындар кәріз құбырларын аулаларына өз ақшасымен кіргізуі тиіс.»

fdbfgbfg
Ал тұрғындар кәріз жүйесіне қосылу үшін арнайы мекемелерге барып, құбырдың жобалық-сметасын жасауы тиіс. Айтуларынша, бұл жұмыстарға орта есеппен 60 мың теңгедей қажет екен. Десе де жергілікті жұртшылық кәріз жүйесінің көшеге келгеніне қуанышты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=e4G5MvgMqHU[/youtube]

Гүлжан Баубекова, Ерулік көшесінің тұрғыны: «Біз осы кәріз жүйесіне қосылу үшін арнайы құжаттарды дайындап, 60 мың теңгедей жұмсадық. Үйде немерелер бар, суды көп қолданамыз. Шайынды суды қайда төгерімізді білмей, дал болушы едік. Енді жақсы болып қалды.»

ggerrere
Құны 380 миллион болатын жобаны мамандар кесте бойынша 2015 жылға дейін салу керек болған. Алайда, осы жылдың көктемінде,  мерзімінен бұрын тәмамдапты. Болашақта қаржы ұйымынан несие қаралар болса, жұмыстарды әрмен қарай жандандырамыз деп отыр.