Шымкенттің ескекшілері Чехияда тәжірибесін шыңдауда

217
Миланда 650 спортшы сынға түсті, фото news.uzreport.uz сайтынан

Байдарка мен каноэде ескек есуден Оңтүстіктің құрама командасы Чехияда оқужаттығу жиынын өткізуде. Дайындық аяқталған соң жерлестеріміз Әлем Кубогі үшін таластың екінші кезеңінде сынға түсетін болады. Байрақты жарыс Чехияның Рачица қаласында 16-18-мамыр аралығында өтеді. Ұлттық құрама сапында барлығы 20 спортшы болса, оның 12-сі – шымкенттіктер.

Ал Әлем Кубогі үшін жарыстың алғашқы кезеңі Миланда өткен болатын. Италияға еліміздің үш спортшысы тәжірибе жинақтау үшін ғана жол тартқан. Нәтижесінде 500 метрге байдаркада ескек есуде Наталья Сергеева 13-орыннан көрінсе, 200 метрде каноэде жекелей сынақта Мерей Мейірбеков те 13-ші болды. Ал 5000 метрге канаоде жарыста Владимир Петров 7-ші болды. Додаға 85 елден 650 спортшы жиналған.

Миланда 650 спортшы сынға түсті, фото news.uzreport.uz сайтынан
Фото news.uzreport.uz сайтынан алынды

Ал мамырдың 19-ы күні Қазақстан құрамасы Венгрияға аттанады. Будапештте әлемдік жарыстың 3-кезеңі өтпек. Бұл жарыста отандық спортшылар толық құрамда жеңіс үшін таласады. Содан кейін олар Белларусияда өтетін оқу-жаттығу жиынына қатысады. Бұл жолы отандастарымыз Әлем чемпионатына дайындалатын болады.