Отырар телеарнасының футбол командасы тағы да жеңіс тұғырынан көрінді

556

Отырар телеарнасының футбол командасы тағы да жеңіс тұғырынан көрінді! Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында  Созақ ауданының әкімдігі облыс аудандарының ішінде алғаш болып қаламгерлерді ала доп аламаңына шақырды.

Отырар телеарнасының футбол командасы тағы да жеңіс тұғырынан көрінді

Теріскейдің тамаша табиғаты аясында доп тебуге Шымкенттен «Қазақстан-Шымкент», «Отырар» телеарналары, облыс әкімдігінің баспасөз қызметі, «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеттерінің командалары барды. Сондай-ақ, Созақ аудандық журналисттер мен аудан әкімдігінің ұжымдары да бақ сынасты.

Отырар телеарнасының футбол командасы тағы да жеңіс тұғырынан көрінді

Қаламгерлер ала доп аламаңында әдемі ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі орындар үшін тартыс қыза түсті. Отырар телеарнасының комндасы топтық кезеңнің алғашқы ойынында «Қазақстан-Шымкент» телеарнсының жігіттерін 8-1 есебімен жеңіп, екінші кездесуінде «Оңтүстік Қазақстан» газетінің журналисттерін 4-0 есебімен тізе бүктірді. Сөйтіп, Созақтық командаларға есе жіберген отырарлықтар, 2-орын үшін таласта облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен 6-4 есебімен басым түсті.

Отырар телеарнасының футбол командасы тағы да жеңіс тұғырынан көрінді

Отырар телеарнасының футбол командасы тағы да жеңіс тұғырынан көрінді

Отырар телеарнасының футбол командасы тағы да жеңіс тұғырынан көрінді

Ал, ақтық сыңға «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен Созақ ауданының журналисттері шығып, теріскелйлік қаламгерлер қонақтарға бас жүлдені ұсынып, өздері қонақжайлық танытып жүлделі орындардан бас тартты. Осылайша «Оңтүстік Қазақстан» газеті бұл турнирдің бас жүлдесін қанжығасына байлады.

Отырар телеарнасының футбол командасы тағы да жеңіс тұғырынан көрінді

Кіші футболдан Көкбұлақ демалыс орнында жалауын желбіреткен турнирде  Созақ ауданының  әкімі Аманғали Аймырзаев та ойнады.  Жасы алпыстан асқан аудан басшысы шебер ойын өрнегін көрсеткенін айта кеткен жөн!

Отырар телеарнасының футбол командасы тағы да жеңіс тұғырынан көрінді

Отырар телеарнасының футбол командасы тағы да жеңіс тұғырынан көрінді

Отырар телеарнасының футбол командасы тағы да жеңіс тұғырынан көрінді

Отырар телеарнасының футбол командасы тағы да жеңіс тұғырынан көрінді

Турнирдің жабылу салтанатында ала доп аламаңың  өткізуге мұрындық болған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли, аудан басшылығына журналисттер атынан алғысын айтты. Басқарма басшысы бұл жарыста да «үздік шауылшы» атағына ие болды!

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=NJhuh1YmR9U[/youtube]