Шымкент сахнасында әлем операсының жауһарлары әуеледі

389
Симфониялық оркестр

Әлем опера музыкасының жауһарлары Шымкентте орындалды. Опера және балет театрының ұжымы жыл бойы дайындаған кешін көпшілік назарына ұсынды. Бұл күні симфониялық оркестрдің сыйқырлы үні молынан әуеледі.

Симфониялық оркестр
Симфониялық оркестр

«Қамар сұлу» операсы симфониялық оркестрдің сүймелдеуімен шебер орындалды. Өнер ұжымы бекзат өнерді тыңдарманға тұщымды ұсыну үшін жыл бойы дайындалған. Оркестр дирижері Рүстем Рысмағанбетовтің айтуынша, бұл мәдени кеш ерек ұйымдастырылып отыр.

Рүстем Рысмағанбетов
Рүстем Рысмағанбетов

Рүстем Рысмағанбетов, симфониялық оркестрдің дирижері: «Үлкен жауапкершілікті сезініп отырмын. Себебі, дирижер үшін титтей де қателік болмауы тиіс. Оның өзі туындыны мүлдем өзгертіп жібереді. Яғни, дирижердің қателігі кешірілмейді. Ал кештің ерекшелігі — біз бұған дейін қазақ және әлем операларынан үзінділерді қысқа әрі нұсқа, заманауи үлгіде қойған емеспіз. Атақты, әлемге кеңінен танымал туындылардың бәрін біздің жерлестеріміз танысын, білсін деген мақсатта осы кешті осылай алғаш рет ұйымдастырдық.»

Әлем операсының жауһарлары саналатын туындыларды өнер иелері шарықтай шырқады. Осылай бекзат өнердің қымбат бағасын байқатты. Ал залдағы көрермен де өнер иелерімен бірге үлкен қобалжуды сезініп отыр. Бұл олардың өнерге деген риясыз құрметін көрсетсе керек.

Күлімкөз Айтуғанова, көрермен: «Керемет әсерде кешті тамашалап отырмыз. Әсіресе, оркестр мен әншілердің арасында жастардың көп екенін көріп, қуанып қалдым. Шынымды айтсам, осы кешті тамашалау үшін Тараз қаласынан арнайы келіп отырмын. Рухани демалып қалдым. Болашақта осы Оңтүстіктегі опеар және балет театрының ұжымы біздің облысқа гастрольдік сапармен келіп, осы кешті қойып берсе деген тілегіміз бар.»

Опера әншісі Ж.Белгібаева "Айсулыдың ариясын" орындады
Опера әншісі Ж.Белгібаева «Айсулудың ариясын» орындады

Айтулы кеште 20-дан астам қазақ және әлем опералары орындалды. Бұл — өнер ошағындағы симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өткен алғашқы кештердің бірі.