Оқыс оқиға 

Шымкентте автобус аударылды

Шымкентте тал түсте жолаушылар тасымалдайтын көлік жол апатына ұшырады. №19 бағыттағы автобус аударылып кеткен. Жүргізушінің сөзіне сенсек, қоғамдық көліктің тежегіші істен шыққан.

Оқыс оқиға сағат 14:00 шамасында Ж.Аймауытов көшесінің бойында орын алған. Куәгерлер автобуста 15 адам болған деп отыр. Құдай сақтағанда олар аман қалды. Дегенмен, алты адам ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнына 6 жедел жәрдем көлігі шұғыл келді. Жарақат алғандарыдң арасында үш бала да бар.

Айта кетейік, Шымкентте жуырда ғана қоғамдық көлікке қатысты келеңсіз жағдай орын алған еді. Аялдамаға жеткен автобус өртеніп кеткен болатын.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz