Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ел чемпионаты өтуде

330
жарысқа 80-нен астам спортшы келген, сурет lvitsa-the-real.livejournal.com сайтынан алынған.

Үстел теннисінен топты жару үшін 80 спортшы екі күн бойында «Спартак» сауықтыру кешенінде сынға түсіп жатыр. Олардың арасында Оңтүстіктің алты үміткері де бар. Олар мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы ел чемпионатының алтын медалінен үмітті. Тірек-қимыл жүйесі зақымданған спортшылар арасында екі жерлесіміз республикалық сынақта бірнеше рет жеңіс тұғырына да көтерілген. Олар бұл жолы да алғашқы қарсыластарын жеңе білді.

 жарысқа 80-нен астам спортшы келген, сурет lvitsa-the-real.livejournal.com сайтынан алынған.

Үстел теннисінен ел чемпионатының Шымкентте өтуі жерлестеріміздің шеберлігін шыңдайды. Бапкерлер осыған берік сенеді. Оның үстіне бұл жолғы жарысқа Шығыс және Батыс қазақстаннан ғана команда келе алмаған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=zE0LZoUVwgs[/youtube]

Биыл мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спартакиада ұйымдастыру жоспарланып отыр. Жаз маусымында спорттың бес түрінен арнайы іріктеу өтеді. Олардың бірі Шымкентте өтуі тиіс. Спартакиада құлағы нашар еститін жандар арасында өтпек. Бұрын-соңды мұндай дода өтпеген болатын. Үстіміздегі жылдың шілде айына дейін әр облыста жергілікті іріктеу өтіп, кейіннен ақтық сынақта чемпиондар анықталады. Шешуші жарыс үш кезеңге бөлінген. Соның бірі осы Оңтүстікте өткізіліп отыр.

Бұл жарыс үш күнге жалғасады. Чемпиондардың есімдері маусымның бесіне белгілі болады.