Телефон нөмірлері ауысады

25-006«Қазақтелекомның» Оңтүстік Қазақстан облыстық бөлімшесі дирекциясы таратқан ақпаратқа сенер болсақ, Шымкент қаласына қосылған ауылдардағы телефон нөмірлері қала нөміріне сәйкестендіріліп (725-хх) өзгереді.

Осылайша Сайрам ауданынан Шымкент қаласына қосылған: Қаратөбе, Қайнарбұлақ, Бадам, Абдулабад, Жалын, Базарқақпа, Исфиджаб, Қызылсу, Өтеміс, Сайрам, Тұрдыабат, Шапырашты, Тассай, Достық, Мәртөбе ауылдарында;

Ордабасы ауданынан қосылған: Алтынтөбе және Көкбұлақ ауылдарында;

Төлеби ауданынан қосылған: Алтынбастау, Елтай, Тоғыс, Айнатас, Текесу, Жыланбұзған, Маятас ауылдарында телефон нөмірлері ауысады.

5 саннан тұратын телефон нөмірлерінің алғашқы цифры 26-хххх болып өзгермек. Яғни, мысал үшін телефон нөмірі 4-03-03 болса ол өзгерістен соң 26-03-03 деген нөмірге ие болмақ. Бұл өз кезегінде Шымкентке қалааралық код теріп хабарласудан арылтады. Қосымша ақпаратты – 160 (телефон шалу тегін) арқылы білуге болады.