«Жүргізуші, арнайы көлікке жол бер!»

575

Шымкент қаласындағы төтенше жағдайлар басқармасы мен қалалық ішкі істер басқармасының жол-патрульдік полициясы полкінің қызметкерлері бірлесіп, арнайы акция өткізді. Мамандар көлік жүргізушілері мен азаматтарға, көліктегі және жеке тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі тақырыптарындағы үнпарақтар таратты.

003

004

Сондай-ақ, тәртіп сақшыларының қадағалауымен қала көшелері арқылы өрт сөндіру техникалары жүріп өтті. Осы арада арнайы қызмет автокөліктеріне жол бермеген жүргізушілермен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескерту жасалды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=g1DuBqFZ1yc[/youtube]