Әріптестеріміз құрметке бөленіп жатыр. Жорналшылар мерекесі аясында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшылығы мен облыстық «Жастар орталығы» мекемесі де БАҚ өкілдерін марапаттады. «Машат» тауының шатқалында өткен шараға арнамыздың жас тілшілері Мөлдір Бекеева мен Ғалымжан Кенжебек те қатысып, арнайы алғыс хатқа ие болды.
Одан соң, мерекелік кештің ұйымдастырушылары төртінші билік өкілдерінің құрметіне арнап, жас өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарламасын ұсынды.
Ғалымжан Кенжебек, тілші: «Жастармен бірлесе жұмыс жасау мен үшін қызық әрі үлкен тәжірибе дер едім. Еңбегімізді елеп, марапаттар жатыр. Рахмет! Алдағы күндері де жастардың жетістігі мен олардың тыныс-тіршілігін «Отырар» арнасы арқылы көпшілікті хабардар ететін боламыз. Сондықтан, «Жастолқын», «Жастар уақыты», «Жалындаған жаспыз» бағдарламасы жастар қауымы үшін әзірленеді. Ендеше, бізбен бірге болыңыздар!»