Жекенің меншігінде жетімнің кебін киген ғимарат

330

Бір кездері Шымқалада отандық немесе шетелдік кино туындылардың  тұсаукесері тек осы «Қазақстан» кинотеатрында өтетін. Тіпті, 90-жылдары  республика бойынша ең үлкен кино экран осы ғимаратта деп еститінмін. Елімізде Голливудтық жұлдыздардың қатысуымен түсірілген «Көшпенділер» фильмінің алғашқы көрсетіліміне кіру үшін жастардың «Қазақстанға» лек-легімен ағылғаны әлі есімде. Бір сөзбен айтқанда, 1990-2000 жылдар аралығында Шымкенттегі жастардың демалыс орнына айналған зәулім ғимарат бүгінде жыларман хәлде тұр.

20140606_181219

20140606_181351

20140606_181330

20140606_181258

Қазіргі таңда қаланың қақ ортасында орналасқан кинотеатрдың маңына қоқыс толып, арам шөп басқан. Айына бір емес, бірнеше сенбілік өткізіп, тазалыққа белсенділік танытып жүрген қалалық әкімшілік мұны қалай байқамай отыр? Мейлі, жекенің меншігінде болса да шаһар билігі, тым болмағанда, тазалығын бақылауда ұстап, нұсқау берсе болар еді ғой деп ойлаймын.

20140606_181250

20140606_181322

 

20140606_181447

20140606_181600

Құдайға шүкір, жақында қирауға шақ қалған ғимарат жекеменшіктен мемлекеттің еншісіне қайта өтіпті. Бұл – қуанарлық хабар! Асқар Исабекұлы бастаған өңір басшылығы кинотеатрға күрделі жөндеу жүргізіп, мерейлі мәдениет шаңырағына айналдырады деген үміттемін.