Оңтүстіктің салықшылары жарап тұр

салықӨткен жылы салық төлемдерінен облыс қоржынына 212 миллиард 362 миллион теңге түскен. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда айтарлықтай артық. Бұл ақпарды облыстық салық департаментінің жетекшілері журналистермен болған брифингте айтып берді.

Алтынсары Үмбетәлиев, облыстық салық департаментінің басшысы: «Ағымдағы жылдың қаңтар айының мемлекеттік бюджет жоспары 117 пайызға орындалды. 10 миллард 894 миллион теңге өндіріліп, артығымен 1 миллиард 563 миллион теңгеге қамтамасыз етілді. Соның ішінде республикалық бюджетке 6 миллиард 562 миллион теңгеге өндіріліп, жоспар 119 пайызға орындалды.»

Былтыр ел қазынасына салық түсімдері бойынша біздің облыстың өзінен 7 миллиард теңгеден атам қаржы түсіпті. Мұны мамандар «Электронды үкімет» порталы бойынша келген салықтың нәтижесінде мүмкін болды деп отыр. Сондай-ақ өткен жыл Кедендік Одақ құрамындағы елдер арасында ең үлкен көлемдегі тауар айналымымен есте қалыпты. Былтыр елдер арасындағы тауар айналымының жалпы құны 60 миллиард теңгені құраған.

Салықшылар биыл салық төлеуден жалтарған кәсіпкерлердің тізімін жасадық дейді. Теңге төлеуден тайқығандар аз емес. Бүгінгі күні түрлі коммерциялық саудамен заңсыз айналысқан 105 адам тізімде тұрса, 364 бизнесмен шоу-бизнестен нәпәқа тауып жүр екен. Ал 54 кәсіпкер букмекерлік кеңселердің кәсібін дөңгелетіпті.