Премьер лига командалары арасында ҚР чемпионаты аяқталды

241
Ордабасылықтардың соңғы тур ойынында жолы болмады

«Ордабасы» футбол командасы биылғы маусымдағы өзінің жоспарын орындады. Алғашқы алтылыққа ілінуі тиіс болатын. Мақсатқа қол жеткізді, алайда сол алтыншы орыннан жоғары көтерілу биыл жерлестерімізге бұйырмапты.

Ел чемпионатының биылғы маусымдағы соңғы тур ойынын ордабасылықтар өз алаңында өткізді. «Ақтөбе» футболшыларымен кездесу оңай болмасы анық еді. Өйткені, олар қола медаль үшін таласқа түсіп жатқан команда. Ол дегеніміз, бұл кездесуде қонақтар үш ұпайды міндетті түрде жеңіп алуы тиіс болатын. Матчтың алғашқы минутынан бастап-ақ ақтөбеліктер басымдылық танытты.  Ойынның 21-ші минутында Костич еспті ашты, жеті минут өте ақтөбелік Аверченко есепті еселейді. Алайда, 29-шы минутта Азат Нұрғалиев қонақтар қақпасына алғашқы голды соғады. Ал бірінші таимның соңғы минутында Қайрат Әшірбеков есепті теңестіруге мүмкіндік алады. Сөйтіп, ойынның алғашқы жартысын қос команда тең есеппен аяқтайды.

Ел чемпионатының соңғы матчы жүлделі болатын командаларды айқындайтынын ескерсек, матч тартысты өтуі тиіс болатын. Бірінші таимның өзінде жанкүйерлер төрт голдың куәсі болды.

Екінші таимда ордабасылық легионер Бабатунде  қақпаға доп соқты. Алайда, бұл гол есепке алынбады. Өйткені офф саид. Ақтөбе футболшыларына бұл ойыннан үш ұпай алуға тиіс. Өйтпеген күнде алғашқы үштікпен келесі жылға дейін қоштасуына тура келеді. Сол себепті де есеп теңесе салысымен-ақ қонақтар шабуылға көшті.

Алматтың қақпасына үшінші гол соғылады. Төрешілер бұл гол да офф сайдтан салынды. Алайда ақтөбеліктердің шабуылы мұнымен шектелмеді. Оның орнына Алмат Бекбаевтың қақпасын бағындырмақ ниетте. Және бұл жоспарын қонақтар орындай білді. Қонақтар үшінші голды соқты.

Ойынның аяқталуына бірнеше минут қана қалған. Алаң қойжайындары есепті қайта теңестірмек. Алайда үшінші голды соғу шымкенттіктерге бұйырмапты. Оның орнына матчтың 90-шы минутында Джилас кезекті голдың авторы атанды.

Ел кубогі үшін тартыстың жартылай финалдағы ойыны қарашаның үші күні таразбен өтеді. Шет алаңда жерлестеріміз жеңіс үшін таласқа түсетін болады.

Нәтижесінде, Ордабасылықтар  турнирлік кестеде алтыншы орында қалды, ал «Шахтер» көш бастаса, екінші орында талдықорғандық «Жетісу», «Ақтөбе» үшінші орынды қанағат етті.